Выступление Президента РК на церемонии вручения госнаград в преддверии Дня Независимости - «Кызылординские Вести»

Выступление Президента РК на церемонии вручения госнаград в преддверии Дня Независимости

14.12.2020

1185 0

201214170739253e

Опубликован полный текст выступления Президента Касым-Жомарта Токаева на церемонии вручения государственных наград в преддверии Дня Независимости.

Құрметті отандастар!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.

Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.

Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.

Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.

Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.

Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт.

Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – жаңа дәуірдегі Қазақстанның негізін қалаған ұлы қайраткер.

Оның есімі жасампаздық жылнамасына Қазақ мемлекетінің авторы ретінде жазылды.

Міне, егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес жақындап келеді.

Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.

Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі.

Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым.

Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.

Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды.

Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті.

Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде, кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды.

Алдағы төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр.

Елімізді ілгері дамытып, әрбір азаматтың лайықты тұрмысын қамтамасыз етуіміз керек.

Оны жүзеге асырудың басты жолы – тиімді басқару жүйесі.

Мен Жолдауымда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне баса мән бергенімді білесіздер.

Осыған орай, көптеген нақты шаралар атқарылуда.

Жалпы, жаңғырудың жан-жақты болғаны жөн.

Бүкіл халқымыз заман ағымына ілесе білуге тиіс.

Өзгерістерге бейімделе алатын жұрт қана уақыт тынысын дөп басады.

Біз білімді әрі білікті, ұқыпты және жауапты, іскер де еңбекқор жұрт болуымыз қажет.

Бұл – Ұлы Абай айтқандай, «толық адамның» айқын көрінісі.

Оған қоса, әркімнің жеке қасиеті мен мақсаты елдік мүддемен тығыз астасып, патриотизмге ұласуы керек.

Сонда ғана мемлекетшілдік идеясы басты құндылыққа айналады.

Дорогие соотечественники!

К сожалению, из-за пандемии мы не можем как всегда широко отметить главный национальный праздник нашей страны.

Здоровье, жизнь и благополучие сограждан для нас превыше всего.

Поэтому мы проводим все наши мероприятия в ограниченном формате и режиме онлайн.

Однако это ни в коем случае не умаляет ценности и значения Дня Независимости.

Уверен, торжественная атмосфера этого великого праздника будет присутствовать в каждом доме, наполняя радостью и гордостью сердца всех казахстанцев.

Несмотря на трудности и преграды, мы продолжим наше движение вперед.

На этом пути главным ориентиром для нас была и остается Независимость.

Благодаря подлинному суверенитету и уникальной сплоченности нации за эти годы мы достигли многого.

Именно эти системообразующие элементы стали залогом устойчивого, динамичного развития нашей страны.

Сегодня перед Казахстаном стоит целый ряд новых масштабных задач.

Мы строим экономически сильное, социально справедливое и открытое общество с прочными устоями и прогрессивными ценностями.

Мы идем дорогой последовательных реформ и качественных преобразований.

И эта политика будет продолжаться. Этой политике альтернативы не существует, назад пути уже нет.

Это наш осознанный выбор, основанный на общенародном консенсусе.

Биыл пандемия бізді ғана емес, бүкіл әлемді сынға салды.

Тұтас дүниенің тыныс-тіршілігі өзгерді.

Біз бұл сынаққа төтеп беріп, елімізді жаһандық дағдарыстан алып шығу үшін бар күш-жігерімізді жұмылдырдық.

Экономикаға қатысты теріс болжамдарды жоққа шығарып, індеттің зардабын азайттық.

Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында ахуалды біршама тұрақтандырдық.

Жаһандық дүрбелеңге қарамастан мемлекетіміздің іргесі мығым, тұғыры бекем екенін дәлелдедік.

Халқымыз жанашырлық пен қамқорлықтың, ұйымшылдық пен береке-бірліктің озық үлгісін көрсетті.

Волонтерлер қозғалысы жалпыұлттық сипатқа ие болды.

Дәрігерлер мен мұғалімдердің, тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілердің күнделікті өміріміздегі маңызды рөлін айқын сезіндік.

Қауіпті дертпен күрестің тиімді жүйесі, ең алдымен, солардың табанды еңбегінің арқасында қалыптасты.

Елімізде карантин және төтенше жағдай режимі уақтылы енгізілді.

Эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар үшін 350 миллиард теңгеден астам қаржы бөлдік.

В кратчайшие сроки были построены новые инфекционные больницы, развернуты несколько десятков тысяч дополнительных коек.

Налажены поставки и производство востребованных медицинских изделий и лекарственных препаратов.

Наши ученые незамедлительно приступили к созданию казахстанских вакцин, которые, как мы надеемся, уже скоро пройдут все стадии научных испытаний.

Для поддержки врачей, находящихся на передовой в борьбе с коронавирусом, выделено около 200 миллиардов тенге.

Пандемия ярко обозначила актуальность системных реформ в этой стратегически важной сфере.

С этой целью мы приняли новую Государственную программу развития здравоохранения до 2025 года. На ее реализацию запланировано более 3 триллионов тенге.

Во время чрезвычайного положения и строгих карантинных ограничений мы не допустили всеобщего хаоса и продолжили реализацию реформ.

Выделенные огромные средства будут находиться под жестким контролем, чтобы не допустить их нецелевого использования.

Моей главной миссией на посту Президента является социальная справедливость и рост благосостояния народа.

Поэтому в фокусе каждодневных усилий государства – улучшение качества жизни наших граждан.

В этом году мы увеличили размеры пенсий и социальных пособий около 4 миллионам наших граждан.

Повысили социальные страховые выплаты в среднем на 50%.

Внедрили гарантированный социальный пакет для более 500 тысяч детей из малообеспеченных семей.

Для поддержки людей, оказавшихся во время пандемии в сложной жизненной ситуации, мы пошли на беспрецедентный в нашем регионе шаг.

Были осуществлены прямые выплаты гражданам в размере 42 500 тенге.

Финансовую помощь от государства получили более 4,5 миллиона граждан.

Предоставленная отсрочка по кредитам позволила не допустить дефолт порядка 1 миллиона 900 тысяч казахстанцев.

Важную стабилизирующую роль сыграла «Дорожная карта занятости».

На реализацию свыше 6,5 тысячи проектов социальной, коммунальной и транспортной инфраструктуры был направлен 1 триллион тенге.

В следующем году выделим еще 400 миллиардов тенге.

В рамках социальной модернизации мы сделали акцент на повышение статуса людей гуманитарных профессий.

Заработная плата у представителей сферы культуры и искусства выросла на 50 %, у врачей – на 30 %, у педагогов – на 25 %.

Мы знаем, что сегодня главным стратегическим ресурсом нации является качество человеческого капитала.

Знания, идеи и технологии выступают базовыми двигателями прогресса.

Поэтому мы запустили новую Государственную программу развития образования и науки до 2025 года.

Она предусматривает повышение расходов на эти ключевые направления на 7 % от ВВП.

В кризисных условиях текущего года резко возросла значимость эффективной деятельности силовых структур.

Для стимулирования сотрудников органов внутренних дел, задействованных в карантинных мероприятиях, было выделено более 18 миллиардов тенге.

В течение следующих трех лет в правоохранительных структурах и армии будут увеличены финансовые выплаты в среднем на 30 %.

Общественная стабильность и социальный прогресс страны возможны только на прочной экономической основе.

Несмотря на жесткие ограничения и карантин, мы сохранили экономическую активность населения, помогли бизнесу удержаться на плаву.

В рамках антикризисного пакета мер субъекты малого и среднего бизнеса получили отсрочки по кредитам, налоговые каникулы, другие льготы и преференции.

Общий объем поддержки составил свыше 1,5 триллиона тенге.

Это позволило сохранить объем выпуска продукции на 8 триллионов тенге.

Было создано более 200 тысяч рабочих мест, отечественные компании получили государственные заказы на сумму около 500 миллиардов тенге.

Таким образом, к 2025 году доля малого и среднего бизнеса в ВВП должна достигнуть 35 %.

Пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан ел қамбасы астыққа толды.

Жаңа жолдар салынды, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық нысандар бой көтерді.

Бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқтап қалған жоқ. Өмір өз ағысымен жалғасып жатыр.

Биыл диқандарымыз 20 миллион тонна бидай жинады.

Бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ шетелге экспорттауға да жетеді.

10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

2600 шақырым тас жол пайдалануға берілді.

Еліміздің 10 миллионға жуық тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді.

Цифрландыру барысында жүздеген ауыл интернетке қосылды.

Арнайы күтімге мұқтаж азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істей бастады.

Мүлде жаңа Экологиялық кодекс әзірленді.

Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог лайықты жалғасын тапты.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде білім беру және денсаулық сақтау мәселелері, сондай-ақ саяси жаңғырудың негізгі бағыттары талқыланды.

Реализован первый пакет политических реформ.

Принят новый закон «О мирных собраниях» – очень важный закон, внесены изменения в законодательные акты «О политических партиях», «О выборах», «О парламенте и статусе его депутатов».

Ұлттық кеңестің бастамасымен тоғыз заң қабылданды.

Тағы жеті заң жобасы қаралып жатыр.

Бұл – Кеңес жұмысының қажеттігі мен тиімділігінің айқын көрінісі.

Біз басшылардың жаңа буынын дайындауға баса мән бердік.

Президенттік кадр резервіндегі жастардың жартысынан көбі қазірдің өзінде жауапты қызметтерге тағайындалды.

Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз.

Читайте также: